Путин: Қазақстанмен экономикалық байланыс қарқынды дамып келеді

/uploads/thumbnail/20170814174753817_small.jpg

Ресей мен Қазақстанның сауда айналымы 34%-ға артты, ал экономикалық байланыс жаңа деңгейге көтерілді. Бұл жайында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен әңгіме барысында хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ТАСС мәліметіне сүйеніп.

«Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық  байланыс қарқынды дамып келеді. Ал ағымдағы жылда 10 ай ішінде екі ел арасындағы сауда айналымы 34 % -ға артты. Бұл – жоғары көрсеткіш» деп айтып өтті Путин өз сөзінде.

Сонымен қатар, Ресей Президенті Қазақстанға құйылған инвестиция көлемі 10 миллиард доллардан жоғары екенін айтып өтті. 

«Екі ел арасындағы байланыстың нығайтып жатқаны көңіл қуантады.  Біз өз әріптестерімізбен екі ел арасындағы   энергетикаға байланысты, ғарыштағы қарым-қатынас мәселесін талқыладық. Бұл жерде тек Байқоңыр ғана емес, Қазақстанның алдағы уақытта жаңа технологиялар жасау жолы туралы да айтылды» деді Ресей Президенті.

«Қазақстан экономика саласында біздің серіктесіміз болып қала береді» деп сөзін аяқтаған Путин Назарбаевқа 2018 жылға табыс тіледі.  

Қатысты Мақалалар